Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Референдум: Қызылора облысындағы таңдаулы сәттер

07.10.2024, 9:40 202

Қазақстан тарихында АЭС құрылысын салу мәселелеріне арналған республикалық референдум өткізілді. Қызылорда облысының тұрғындары саяси науқанда ерекше белсенділікпен қатысып, өз құқықтары шеңберінде дауыс беру процесіне араласты.

Таңнан кешке дейін дауыс беруші азаматтар учаскеге ерте келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл күні дауыс беру учаскелеріне балаларымен бірге келген отбасылардың қатары көп.

Саяси науқанда алғаш рет дауыс берген, алғаш рет шаңырақ көтерген ерлі-зайыптылар да өз таңдауларын жасап, келешек үшін дауыс берді.

Мұнан бөлек, әкелер және әжелер ансамблі, полициялар мен ұстаздар династиясының өкілдері, көкпаршылар, мұнашылар мен сарбаздар бюллетень алып, дауыс берді. Сондай-ақ, бұл күні ерікті түрде дауыс берушілерге автоволонтерлер қызмет етті.

Азаматтар үшін 109 бірыңғай байланыс орталығы үздіксіз жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында әртүрлі сұрақтармен 1000-нан аса қоңырау түскен.

Референдумда 4251 азамат үйден дауыс беруге өтініш қалдырған. Олардың бәріне де комиссия мүшелері тасымалданатын жәшік арқылы дауыс беруге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, референдумның ашықтығын бақылауға келген тіркеуден өткен байқаушылардың да легі көп. Осы кезге дейін учаскелерде заң бұзушылықтар тіркелмеген.

Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: