Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада сотталған ер адам Абай Құнанбайұлының суретін салды

09.08.2024, 16:15 213

Қызылорда қаласындағы түзеу мекемесінде мыңға жуық сотталған жазасын өтейді. Олардың арасында он саусағынан өнер тамған сотталғандар да бар. Түзеу мекемесінде түрлі таланттар жетерлік. Сырлы бояумен түрлі сыр шертетін суретшілердің туындылары түзеу мекемесінде өте көп.

10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне орай №37, №60 мекемелерінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірі мен шығармашылығы дәріптелді. №37 мекемесінде жазасын өтеушілер ақынның өмір жолы мен шығармалары жайында жан-жақты ой қозғады. Олардың бірі өлеңдерін мәнерлеп оқыса, енді бірі қара сөздерінің мағынасына бойлап, өз-өзін танып білді. Тіптен бір сотталған “Абай жолы” романын оқығанын айтып, алған әсерімен бөлісті. Ал №60 мекемесіндегі жазасын өтеушілер ақынның суретін қағаз бетіне түсірді. 10 жылға сотталған азамат ұлы ақынның суретін салды.

– Қазақ жанашырының суретін майлы бояумен бір аптадай салдым. Ақын шығармаларын кітапханадан алып үзбей оқимын.

Мамандығым суретші болғандықтан маған ақын суретін салу аса бір қиындық тудырмады. Негізі сурет салу аса шыдамдылықты қажет етеді. Асығыс салынған сурет пен немқұрайды таңдалған түстер туындының бағын ашпайды. Ақынның қарасөздерінің тәрбиелік мән-маңызы бар, – деді сотталған суретші.

– Бұндай іс-шаралардың сотталғандар үшін тәрбиелілік мәні бар. Өйткені олар ақын шығармалары арқылы өз-өзін танып, өз міндеріне сыни қарап, адамгершілік қасиеттер мен “толық адам” қандай болу керектігі жайлы толғанысқа түсіп, біраз рухани азық алды. Тәрбиелік мәні бар іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады, – деді мекеме бастығының орынбасары Алтынбек Өскенбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: