Бүгінгі сатира
– Алло, ас! – деді ол ұялы телефонын құлағына тосып.
– Немене, ас? – деп сұрады арғы жақтан.
– Ас деймін!
– Немене? Түсінбедім?
– Тарифім кетіп қалатын болған соң сөздерді қысқартып сөйлеп тұрмын деймін. Ас, ассалаумағалейкум дегенім! Қандай жаң бар?
– Ее, жаң кө.
– Жаңалық көп деймісің?
– Ия, жаң кө.
– Қан жаңық бар?
– Қал әкімі кет дей.
– А?
– Әк орны бо деймін
– Кім ке еке?
– Жемқорұлы кел еке.
– О, со ке ме?
– Со дейд.
– Тшна ма? (Тошына ма дегені. Бір әріп қана үнемдеп отыр).
– Тшно.
– Мынау кө отырып қа.
– Ия көп от.
– Ру жин ал.
– Жинап ал-ы.
– Анау кел ме?
– Оқ.
– Немене оқ?
– Ой, жоқ деймін.
– Ен кім кел?
– Роб.
– Түсінбедім, тарифіңді үнемдемей-ақ қойшы, не дейсің?
– Роб.
– Ол не?
– Қала әкімі орнына робот келеді дейді, робот! Су бол, тарифім бітіп қалатын болды! Қалғанын ер ай берем! Ока! (П әрпін ғана үнемдеді!).
Мұхтар ШЕРІМ
Фото: mosinfor.ru
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!