Жақында Абай ауылында жаңа жекеменшік монша іске қосылды. Тұрғындар игілігіне ұсынылған әлеуметтік маңызы зор нысанның иегері – жергілікті іскер азамат Бекзат Аширбеков. Бұл туралы Қосшыңырау ауылдық округінің әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Жалпы құны 18 млн теңгені құрайтын моншаның сыйымдылығы 18 адамға арналған, 9 кабина бар. Б.Аширбеков 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Нысанның құрылысы 2023 жылы басталып, жобаны іске асыру үшін «Аграрлық несие корпорация» арқылы 15 млн теңге көлемінде несие алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!