Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тағы екі қызмет смартфонға енгізілді

23.01.2020, 14:33 598

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) азаматтарға қандай да бір мемлекеттік органдарға жүгінбестен SMS арқылы тағы екі қызметті алуды ұсынады. Атап айтқанда, мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау туралы, сондай-ақ мүгедектік жағдайындағы әлеуметтік төлемдер туралы сөз қозғалып отыр.

Мұндай формат қазақстандықтарға еліміздің кез келген жерінен және кез келген уақытта қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу және 3 күн ішінде алғашқы хабарламаға жауап беру қажет. Бұл ретте азаматарға қызмет алу үшін мемлекеттік органдарға жүгіну қажет емес. Процеске мемлекет бастамашылық етеді.

 – Менің ойымша, қазір біздің қызметімізді осындай форматқа көшіру керек, өйткені біз – әлеуметтік министрлікпіз. Мемлекет азаматтар үшін жұмыс істеуге, өз қызметтерін ұсынуға тиіс. Сондықтан қазақстандықтар құжаттарды жинауға, сапарларға және күтуге уақыт пен ақша жұмсамауы үшін оларға қызмет көрсетуге сұрау салынған қарапайым SMS хабарламалар жібереміз. Егер азамат 3 күн ішінде жауап берсе, ол жедел түрде көрсетіледі. Бұл ыңғайлы: қай жерде орналасқаныңыз маңызды емес, жай ғана SMS-ке жауап беруге болады, – деп жаңашылдыққа түсініктеме берді вице-министр Нариман Мұқышев.

Бұрын мүгедектік бойынша жәрдемақы мен мүгедектікке байланысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау қызметін ХҚКО және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне хабарласу арқылы алуға болатын. Сонымен бірге, екі қызмет те egov.kz порталында қолжетімді.

Еске салайық, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру бойынша жұмыс жүргізуде. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ведомство қызметінің 80%-ы электрондық форматта көрсетіледі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: