Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында мекеме аумағы мен режимдік аймаққа экскурсия өтті. Бұл жиынға, ҚР денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қызылорда облысының санитариялық-эпидимиологиялық бақылау департаменті РММ қызметкерлері келіп, темір торды өз көздерімен көрді.
Басты мақсат – мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, бас бостандығынан айыру мекемелерінде болудың ауыртпалығын сезіну, сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық салдарымен таныстыру үшін оларды қамаудағылар әлеміне енгізу. Бұл экскурсияның мемлекеттік қызметкерлер үшін тәрбиелік мағынасы зор. Себебі, мекеменің Режим және Күзет бөлімінің бастығы әділет майоры Төребеков Асылбек экскурсияға келушілерді тергеу мекемесінің арнайы контигенттер ұсталатын аймағындағы шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар жататын жатақхананы, камераларды, аралатып, жазасын өтеушілердің режимдік аймақта ұсталу жағдайымен таныстырып шықты. Алдымен кезекші бөлімге бастап апарып, тергеу мекемесінің негізгі қызметтік міндеті, мекеме ішінде жүріп тұру жағдайы жайлы айтып түсіндірді.
– Біздің тергеу мекемесінің негізгі міндеті күдіктілер мен айыпталушылар және тергеудегілер мен бес жылға дейінгі сотталғандарды ұстау және олардың режим тәртібін қадағалау мен сотталған азаматтардың жаза мерзімін өтеу барысында өмірге қайта тәрбиелеу болып табылады. Яғни, мұнда, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейінгі айыпталушылар мен күдіктілер және шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар отырады.Толтыру лимиті – 430, бүгінгі таңда қамауда 250-ге жуық контигент бар. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысының ҚР ҚК-нің 366,367 – баптары бойынша қамауда ұсталынып отырғандар да, бар. Олар өздеріңіз секілді мемлекеттік қызметте болған азаматтар. Бұл азаматтар жазалау орындарына алғаш түсіп отырғандықтан өзге қылмыскерлерден оқшауланып, бөлек камераларда ұсталады. Бірақ, тәртіп пен талап бәріне бірдей қатаң екенін жеткізді РжКБ-нің бастығы, әділет майоры А.Төребеков
Тергеу мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы экскурсия өтті
31.05.2024, 10:35 187
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!