Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ұлы дала жорығы-2024»: төртінші күннің қорытындысы

23.05.2024, 8:45 183

HALYQLINE.KZ

ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

22 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 14 команда Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекенінен Жолымбет елді мекеніне аттанды.

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, төртінші кезеңнің мәресі Жолымбет елді мекені маңында аяқталды. 

Төртінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.

100 км:

  1. Жетісу облысы –  07:20:07
  2. Маңғыстау облысы – 07:20:34
  3. Алматы қаласы – 07:28:46
  4. Жамбыл облысы  – 07:29:12
  5. Астана қаласы – 07:34:25
  6. Қарағанды облысы – 08:04:49
  7. СҚО – 09:03:49
  8. Ұлытау облысы – 09:10:22
  9. Қостанай облысы – 09:52:36
  10. Абай облысы  – 09:53:05
  11. Ақмола облысы – 10:08:18
  12. Түркістан облысы – 10:43:22
  13.  «Рекорд» командасы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: