Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облысаралық блок-бекеттер әзір алынбайды

18.05.2020, 16:53 701

Қазақстанда қалалар арасындағы тасжолдарда блокпостар әзір алынбайды. Бұл жөнінде ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев хабарлады

– Бүгінгі күні қалалар арасындағы блокпостар әлі де сақталады және облыстар мен өңірлер арасындағы қозғалысқа да шектеу бар. Қазіргі уақытта аталған блокпостарды алып бастауды көздеп отырған жоқпыз. Бұл, өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалдың әртүрлі болуымен байланысты. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Айталық, соңғы бірнеше күн бойы Шымкент қаласы мен Атырау облысында айтарлықтай өсім орын алуда. Өңірлер арасындағы карантин шараларын жеңілдету және блокпоттарды алу инфекцияның Шымкент қаласынан Түркістан облысына немесе Атырау облысынан оған жақын өңірлерге таралуына әкелуі мүмкін», – деді ол

Сондай-ақ, комитет төрағасы әуе рейстерінің қайта жандануына қатысты да түсініктеме берді.

– Ұшақта болу уақыты қысқа екендігін түсіну қажет. Нұр-Сұлтаннан Алматыға дейін 1,5 сағат қана ұшасың. Тәуекел айтарлықтай үлкен емес. Ал халықтың бір өңірден екіншісіне жаппай қозғалуының тәуекелі өте жоғары. Адамдар өңірлердің арасында автомобильмен жаппай жүре бастайтындығын түсіну қажет. Ал ол адамның бұған дейін қайда болғанын, кіммен қарым-қатынаста болғанын ешкім білмейді, – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: