Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

27.03.2024, 17:45 289

Қызылорда қаласының әкімі Серік Қожаниязов қалалық қоғамдық кеңес мүшелері алдында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер турасында есеп берді.

Алдымен шаһар басшысы көпшіліктің көкейіндегі мәселені қозғап, елдің мүддесін қорғап, халықтың мұң-мұқтажын құзырлы орындарға жеткізуде қоғамдық кеңестің рөлі зор екенін атап өтті.

– Әр саланың өкілдерінен құралған бұл белсенді ұйым – билік пен азаматтық қоғамды байланыстырушы буын, алтын көпір. Қоғамдық кеңес мүшелерінің көтерген әрбір мәселесі – ол тұрғындарымыздың талап-тілегі, үні, – деді Серік Салауатұлы.

Жиында қала әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстардың барысын айтып, ауқымды жобалардың жайына тоқталды.​

Кездесу ұзын-сонар баяндамасыз, сұрақ-жауап диалогы ретінде өрбіді. Өз кезегінде қоғамдық кеңес мүшелері ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, қала басшысының қолға алған игілікті бастамаларына сәттілік тілеп, шаһардың дамуы үшін бірлесіп жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: