Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақылдылық пен зәрлілік туралы мысал

28.02.2024, 11:50 285

HALYQLINE.KZ

Бір күні қояндардың ініне ирелеңдеп жылан кіріп келеді. Қояндар қатты қорқып кетеді, жылан оларды тыныштандырып:

– Менен қорықпаңдар, мен жалғызбын, достарым жоқ, сендермен дос болғым келеді. Мен ақылдымын, бөлісетін дүнием көп, – дейді.

– Жарайды, – деп қояндар жыланмен араласа бастайды. Кеш бойы әңгімелесіп отырады, бір кезде жылан қояндардың бірін шағып алып, жорғалап кетіп қалады.

Келесі күні қайта келеді.

– Мені қуып жібермеңдер! – деп өтінеді. – Біз дос емеспіз бе, бір-бірімізді сол қалпымызда қабылдай білуіміз керек. Мен – жыланмын, шағу – ол менің табиғатым. Бірақ, енді бұлай істемеуге тырысамын.

– Жарайды, – деп қояндар келіседі. Алайда, бәрібір қайталанады. Жылан қояндарға өзінше мысал әңгімелер айтып отырып, тағы бір қоянды шағып алып, кетіп қалады.

Жылан қайта айналып келсе, іннің аузы таспен бекітілген екен.

Жылан біраз уақыт қояндарды татуласуға көндірмекке тырысады, бірақ, олар келіспейді.

– «Ақымақтар әлемінде ақылды әрқашан жалғыз», – деп жылан ысылдап, достарының сатқындығына ренжиді.

Ақылды, сөзі зәрлі адамдар осылай барлығын өз пайдасына айналдыра алады.

ЕГЕР СІЗ ЖАРАЛАНА ҚАЛСАҢЫЗ, ТІПТІ ОЛАР ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ АҚЫЛДЫ ТІРШІЛІК ИЕЛЕРІ БОЛСА ДА, ОЛАРДЫ ӨЗ ЖАНЫҢЫЗҒА ЖОЛАТА КӨРМЕҢІЗ…

Аударған

Айгүл  САҒЫМБАЙ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: