Ақсуат ауылдық округінің тұрғыны Сәрсенкүл Аралбаева «АҚСУАТ» атауымен шұлық шығаратын цехты іске қосты, деп хабарлайды Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасымен 5 млн теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, сол қаржыға соңғы үлгідегі шұлық дайындайтын құрылғы сатып алған.
Кәсіпорын жыл мезгілдеріне арналған шұлықтың түр-түрін дайындап, сатылымға шығара бастады. Өнімге қажетті шикізат шет мемлекеттен тапсырыспен жеткізіледі. Цех әзірге күніне 300 дана шұлық әзірлеуде.
Мекенжайы: Ақсуат ауылдық округі, Ақмырзаев көшесі
Байланыс телефоны: 87002887434
Өз өнімімізді қолдайық!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!