Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Базарлар мен сауда орындары талапқа сай болуы керек

17.02.2024, 19:10 273

​Базарлар мен сауда үйлері – қала халқының ең көп баратын жері. Дегенмен, онда тазалық, санитарлық ахуал, өрт және жол қауіпсіздігі, рұқсат етілмеген жерлерде сауда жасау секілді өзге де талаптар сақтала бермейді.
Сондықтан сауда орындарын заманға сай жабдықтау, сәулеттік келбетін ретке келтіру күн тәртібіндегі өзекті тақырып. Мәселеге орай қала әкімі Серік Қожаниязов арнайы жиын өткізіп, сауда үйлері мен базар басшыларына бірқатар ескертулер жасады.

​Жиында төтенше жағдайлар, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық басқармаларының басшылары сауда нысандарындағы ахуал бойынша нақты деректер келтірді. Мысалыға, базар айналасындағы тротуарларда бей-берекет сауда жүргізіп отырған сатушылар көп. Олар келушілердің жүруіне бөгет жасайды. Базардың ішіне кірер жолдағы қар немесе балшық мүлде тазаланбайды. ​Санитарлық нормалар сақталмайды. Сауда қатарларында қарапайым қағидаттар қарастырылмайды. Бұған дейін аталған жағдайларға байланысты әкімдік тарапынан сауда орындарының иелеріне бірнеше рет ескертпе жасалғанымен, еш нәтиже жоқ.

Шаһар басшысы ертеңнен бастап арнайы құрылған жұмысшы топқа сауда базарларын аралап, белгіленбеген орындарда сауда жасағандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Енді апта көлеміндегі түсіндірме-ескертпелерді ескермеген, талаптарды орындамаған сауда иелеріне әкімшілік шара көріліп, айыппұлдар салынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: