Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық жас технократ

13.02.2024, 8:45 269

HALYQLINE.KZ

Қызылордалық Асылжан Абдуллаев – алғаш рет жасанды интеллектіні қазақша сөйлеткен жас технократ. Ол жасанды интеллектіні қазақша сөйлету үшін 300 мыңнан астам сөз бен 220 млрд-тан астам ақпаратты енгізген. Осылайша, жас ғалым білімі мен тапқырлығының арқасында ерекше жобаны сәтті жүзеге асырды. Тіпті, жас өреннің жаңа жобасына америкалық ғалымдар қызығушылық білдірген. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстағы үздік IT жобалар мен жасанды интеллекті дамыту жайында сөз қозғалды.

– 2024 жылдың 1-3 ақпан аралығында Алматы қаласында «Digital Almaty 2024» атты халықаралық форумы өтті. Аталмыш форумға көптеген компания мен 30000-ға жуық қатысушылар қатысты. Оның ішінде Қызылорда облысынан Асылжан Абдуллаев та өзінің жобасын алып барды. Форумға келген халықаралық мамандар мен IT бағытындағы компаниялардың барлығы Асылжанның жаңа жобасымен етене танысты. Форум барысында жас ғалым құны 1 миллион теңге тұратын стэндті ұтып алды. Сондай-ақ, ол Өзбекстанда өтетін «IT Park» форумына шақырту алды. Сол іс-шарада жас ғалым өз жобасын таныстыратын болады,- деді Қызылорда облысы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулла.

– «Digital Almaty 2024»  халықаралық форумының аясында біздің «QazaqGPT» жобасы Орталық Азиядағы 300 стартаптың үздік ондығына кірген еді. Жалпы, «QazaqGPT» деген не? деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл – интеграцияланған жасанды интеллект мүшесі. Яғни, біз отандық модельдерді қолдана отырып, «Open air» базасында өзіміздің жасанды интеллекті құрған болатынбыз. Негізінен, бұл жоба «InnoFest» базасында пайда болды. Сол мезетте жасанды интеллектінің қазақ тілінде дұрыс дамымағанын ескеріп, осындай жоба жасауды жөн көрдік. Қазіргі таңда «Enactus» халықаралық ұйымының стратегиялық эдвайзері, американдық азамат Рэндел Брюнстен ұсыныс түсті. Одан бөлек, біз халықаралық деңгейге шығуға тырысып жатырмыз, – деді жас ғалым.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: