Үндістан – көптеген ғасыр бойғы бай тарихы мен мұрасы бар, ең көп данышпан, философ және ағартушылар туған ел. Дамыған көптеген елден айырмашылығы, Үндістан халқы – бүкіл жүрегі мен күш-жігерін өзін-өзі тануға бағыттайтын халық. Бұл сондай-ақ ғасырлар бойы адам ақыл-ойы мен ішкі әлемінің қыр-сырын зерттеген нақты ойлар-қорытындылар жасаған ойлау зертханасы бар ел деп саналады. Сонымен, үнді халқының ойлануға, ойлауға, өзіңді тануға, өмірді білуге көмектесетін даналық сөздерін ұсынамын.
— Егер біреу саған бір рет опасыздық жасаған болса, онда ол – адамның кінәсі, ал егер ол екінші рет саған опасыздық жасаса, сенің кінәң
— Басқалардың қателіктерінен үйрен. Сол арқылы өзіңнің қателік жасайтын уақытыңды басқа пайдалы нәрселерге бөлуге қарастыр.
— Ақылды адамдар идеяларды талқылайды, орташалар оқиғаларды, ал төмен адамдар адамдарды сынайды.
— Дұшпаның болса да, қонағыңа назар аудар, балта ұстаған адамнан да ағаш өз көлеңкесін аямайды.
— Тек мадақталу үшін туған, немесе тек жамандалу үшін туған адам деген ешқашан болған емес және болмайды.
— Дүние – үлкен кітапхана, өйткені білім бәрінде бар.
— Ақылсызға кеңес беру – оны ашуландырудан басқа ештеңе емес.
— Басқалар үшін өмір сүретін адам, қысқа өмір сүрсе де, оның өмірі бақытқа толы болады.
— Тыныш таппайтын уайымшыл адам өткенімен жұбанады, ақылы шала адам болашақтан жұбаныш күтеді, ал ақылды адам бүгінгісінен бәрін де табады.
— Бақыт ақыл-ойы күшті адамды өзі тауып келеді.
— Балаларың – сенің үйіңе келген қонақтар, тамақтандырып, тәрбиелеп, сосын босатып қоя бер.
— Әйел адам жарқырап тұрса, үйдің іші де жарқырап тұрады, ал оның қабағы қатулы болса, үйі де қараңғы тартып тұрады.
— Жолға шығар алдында мақтанба, бірақ қайтып келген соң мақтануға болады.
— Әйелдер – жаратылыстан ғалымдар, ал ер адамдар – кітаптан білім алған ғалымдар.
— Өзін-өзі жеңу – жеңілістен құылудың жалғыз жолы.
— Ешнәрсеге дұшпандық жасамайтын, ешнәрсеге зиян келтірмейтін адамға бүкіл әлем қуанышқа толы болып көрінеді.
— Қауіптен құтыла алмайтын жағдайда, қорқып қажеті жоқ, өйткені қорқу сізді құтқара алмайды.
— Шындық деп адамдар өздері сенетін нәрсені айтады.
— Данышпан ешкіммен дауласпайды.
— Өзіңді басқару үшін басыңды істет, басқалармен қатынасу үшін жүрегіңді пайдалан.
— Орманнан жолбарысты, аспаннан құсты, судан балықты ұстап алуға болады, бірақ әйелдің тұрақсыз жүрегін қалайда ұстай алмайсың.
— Басқаларға кеңес бергенде бәрі ақылды, бірақ сол ақылды ұстанған кезде қарапайым ақымаққа қарағанда ең ақылды адамның өзі ақымақ болып көрінуі мүмкін.
— Құстар ауада, балық суда ізін қалдырмайды, сауап жасаушылардың ізі де сондай болады.
— Адамның көркі – ақыл-ойы, ақыл-ойдың көркі – сабыр мен тыныштық, сабыр ен тыныштықтың көркі –б батылдық, ал батылдықтың көркі – жұмсақтық.
— Ақылды адам әрнәрсені өз пікірімен бағалайды, ал ақымақ адам басқалардың пікірі бойынша бағалайды.
— Реніш-өкпені құмға жаз, рақым-кешірімді мәрмәрге ойып жаз.
— Біз өмірдің ұзақ, немесе қысқа болуын өзгерте алмаймыз, бірақ оның кең де терең мағыналы болуына әсер ете аламыз.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!