Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, республикалық трансплантация орталығының басшысы Жақсылық Досқалиев Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында шетел азаматтарының қазақ жетімдерін донор үшін асырап алуы мүмкін емес деді.
«Бармысың, бауырым» бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжанның «Жетімдер шетелге «тірі донор» ретінде сатылған болуы мүмкін» және бұрынғы омбудсмен Аружан Саинның «Балаларды шетелге сататын жасырын каналдар бар» деген сөздерін жай ғана болжам деп атады.
«Ол бәрі қауесет. Мен нақты баланы алған адамдардың Америкадағы үйінде болған адаммын – Нью-Йоркта, Вашингтонда, Канзас Ситиде. Олар Қазақстаннан мүгедек балаларды алған. Оның ішінде туабітті «зайчья губа», «волчья пасть», аяқтың сүйегінің дұрыс бітпегені, сал ауруы бар. Сондай балаларды алып, операция жасатқызып, Америкадағы мықты орталықтарда емдетіп, бала етіп асырап отырғанын мен өз көзіммен көрдім. Баланы асырап алғаннан кейін, ол балалардың бәрі «консульский учетта» тұрады. Ол балалар Америкаға, басқа шетелге барса да, Қазақстан азаматтылығы жойылмайды. 18 жасқа дейін Қазақстан азаматы болады, кәмелет жасқа толғаннан кейін өзі шешеді. Сондықтан асырап алған балаларды донор қылады деген информация менде жоқ. Болуы да мүмкін емес», – деді Досқалиев.
Коллаж ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!