Қызылорда облысында жаңа жыл мерекесінде 9 сәби дүние есігін ашты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Айгүл Төлегенова хабарлады.
— 1 қаңтар күні сағат 00:00-ден таңғы 06:00-ге дейін облыс бойынша жалпы саны 9 нәресте дүниеге келді. Жарық дүние есігін ашқан нәрестелердің 4-еуі облыстық периниталдық орталықта туылса, қалған 5-еуі облыстық деңгейіндегі босану бөлімшелерінде дүниеге келді. Дүниеге келген сәбилердің 5-еуі — ұл, 4-еуі — қыз бала. Қазіргі таңда олардың жағдайлары жақсы, дәрігерлердің тұрақты бақылауында, — деді Айгүл Асылбекқызы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!