Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шетелдік бапкерлер Қазақстанға 200 000 теңге айлыққа келген бе?

19.12.2023, 11:10 576

Жақында ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаевқа журналистік сауал жолдадым:

«Қазақстан дзюдо федерациясы бір жарым жыл бұрын Франциядан екі жаттықтырушыны және бір физотерапия маманын Қазақстанға шақырған болатын. Олардың келісімшарты неше жылға дейін және айына қанша айлық алады? Соны білгіміз келеді. Естуімше, айына Стефан Трено – 7 млн теңге, Ксавье Монденкс – 4 млн теңге және Морган Селлес – 2 млн теңге алады екен. Сол рас па? Сондай-ақ Қазақстан дзюдо федерациясына биыл бюджеттен қанша қаражат бөлінді? Осы туралы толық мәлімет беруіңізді сұраймын», – дедім.

Бірақ ҚР туризм және спорт министрі Ермек Боранбайұлы Маржықбаевтың орнына ҚР туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов жауап берген:

ҚР Туризм және Спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК (бұдан әрі – Дирекция) жауабына сәйкес дзюдодан Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшілері Traineau Stephans Ardre Michel және Monden Xavier Bruno Дирекция 2022 жылдың тамыз айынан бастап келісім-шартқа отырды. Аталған екі жаттықтырушыға спорттық қызмет туралы шарт шеңберінде төленетін ай сайынғы жалақы 200 000 мың теңгені құрайды.

Ал, физотерапия маманы Морган Селлеске келсек, бұл маманмен Дирекция арасында ешқандай келісімшарт жасалмады.

Енді менде тағы сұрақ туып тұр. Халықаралық деңгейдегі спорт мамандары, аталмыш шетелдік азаматтардың 200 000 теңге үшін Қазақстанға келіп жұмыс істейтініне кім сенеді?!

Айбек МҰХАНОВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,

спорт журналисі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: