Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 20-дан аса мектеп салынады

30.11.2023, 14:45 264

Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды.

Қызылорда облысында ұлттық жоба аясында 12 300 орындық 21 мектеп салынады.

Арал ауданында – 4, Қазалы, Қармақшы және Жаңақорған аудандарында – 2 жайлы мектептен, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарында 1 мектептен, Қызылорда қаласында – 8 заманауи мектеп бой көтереді.
Биыл жоспарланған 10 мектептің 9-ының құрылысы басталды, оның 5-еуі облыс орталығында орналасқан. Облыстағы 6 апатты мектептің 4-нің мәселесі осы «Жайлы мектеп» жобасы аясында шешімін табады.
Сондай-­ақ, 2 мектеп «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» және жеке инвестор есебінен жүргізіледі. Қалған 11 мектеп 2024 жылы салынатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: