Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі бірқатар коммуналдық нысанды аралады

17.11.2023, 8:45 262

HALYQLINE.KZ

Қала әкімі Асылбек Шаменов алдымен су қысымын көтеруге арналған насос станциясында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта Қызылорда қаласындағы 74 ауызсу ұңғымасынан тәулігіне 60 мың текше метр ауызсу өндіріліп, тұтынушыларға таратылып отыр. Халық санының өсуіне байланысты, сондай-ақ құрылыстың жоғары қарқынын ескере отырып, қалаға қосымша су жабдықтары қуатының қажеттілігі артуда. Осы ретте, тұтынушыларды үздіксіз ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында бөлінген 620 млн теңге қаражатқа насос қондырғылары алынып, 14 бірлік ауызсу ұңғымасына және 6 бірлік су қысымын көтеру насос станциясына күрделі және 36 ұңғымаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Соның бірі, биыл «Южный» су қысымын көтеруге арналған насос станциясы қайта жаңғыртудан өтуде. Қала әкімі станциядағы атқарылған жұмыстарды пысықтап, өз кезегінде жауапты тұлғаларға аталған жұмыстың сапалы әрі уақытында аяқталуын тапсырды.

Келесі нысан №15 кәріз сорғы станциясының жұмысын тексерді. Жалпы, мұнда құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталған. Ендігі ретте, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, нысан құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Жалпы, Қызылорда қаласындағы кәріз сорғы станцияларын қайта жаңғырту жобасына 1,5 млрд теңге қаржы қаралды. Жоба аясында 11 кәріз сорғы станциясы қайта жаңғыртудан өтуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: