Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төсекте «ТЕЗ КЕТІП» қалмауы үшін еркектерге ЕРЕКШЕ кеңес

04.11.2023, 9:00 969

HALYQLINE.KZ

Төсек қатынасында болатын өте ыңғайсыз жағдайлардың бірі – еркектің бойынан ұрығы тез кетіп, тән жақындығын ерте аяқтап қоюы. Мұндайда көбіне әйел қанағаттанбай қалатын жағдайлар көп кездеседі. Тіпті, еркектің өзі де жыныстық қатынастың ләззатын сезініп үлгермейтін физиологиялық жағдай бұл.

Демек, мәселені шешу керек. Бұлай жалғаса берсе, болмайды. Некелі жандардың арасында пайда болған ыңғайсыздықтар үлкен кедергіге ұласып, екеуін де күйзеліске түсіруі мүмкін, деп жазады ERNUR.KZ порталы.

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Иә, мамандар 2 минутқа созылған жыныстық қатынасты қалыпты деп санайды. Бірақ көбіне әйел үшін бұл – жеткіліксіз уақыт. Темпераменті жоғары әйелдер үшін мүмкін шығар, бірақ көпшілігі 2-ші минутта енді ғана «отала» бастайды. Ал еркек осы сәтті ұтымды пайдаланып, төсек ләззатына өзі де, әйелі тояттауы үшін бірнеше кеңесті есте сақтаса болғаны.

Себебін анықтаңыз

Мәселе денсаулықта болуы мүмкін. Егер дәрігерге көптен бері көрінбеген болсаңыз, түрлі талдау жасатып, денсаулығыңызды жақсылап тексерткеніңіз жөн болады. Егер ешқандай дерт немесе кемшілік болмаса, онда мұның шешімін төсек иелері өздері де таба алады.

Еркектің бойынан ұрығы тез кетіп қалу – әдетте қалыпты құбылыс. Бұл көңіл күйдің немесе тәжірибенің аздығынан да болу мүмкін. Осы жайттарды да есте сақтағаныңыз абзал.

Төсектен ҰЗАҚ уақыт ЛӘЗЗАТ алғыңыз келсе, МЫНАЛАРДЫ орындаңыз!

Жыныс мүшесін сақтаңыз!

Жыныстық қатынастың басы аймаласу мен құшақтасудан басталатыны белгілі. Міне, сондай сәттерде сүйісу немесе тәнмен жұғысудан лаззат ала тұрып, жыныс мүшесін әйелдің тәнінен алыстау ұстай тұрыңыз.

Ойыңызды бөліңіз!

Жыныстық қатынас кезінде мұндай қулықты әсіресе ӘЙЕЛДЕР ЖАСАУЫ КЕРЕК! Еріңіздің «тез бітіріп қоятынын» білсеңіз, төсек үстінде оның ойын басқа жаққа бөліп тұруға тырыссаңыз болады. Мәселен, «тоқташы, мен саған массаж жасап берейін» дегендей назарын аударып жіберіңіз.

Әрекетті азайтыңыз!

Жыныстық қатынастан рақат алу тек жыныс мүшелердің жанасуынан ғана тұрмайды. Сондықтан аракідік әрекетіңізді баяулатып, қатынасты үзіп, басқаша тәсілдермен ләззатты сәттерді ұзарта тұрыңыз.

Әңгіме айтуға болады

Бойыңыздан кетіп қалғалы тұрғанын сезген сәтте әйеліңізден сәл арақашықтық сақтап, әңгімеге бұрыңыз. Төсекке, некелі жандардың арасындағы төсек қатынасына бағытталған әңгімелер жатын бөлмеде орынсыз саналмайды.

«Позаны» ауыстырыңыз

Жыныстық қатынасты тек бір ғана қалыпта жасай беру де үйреншікті болып, ұрықтың тез бөлінуіне әсер етеді. Сондықтан төсек қатынасында «позаны» жиі ауыстырып тұрған дұрыс. Сонда ләззаты да ұзақтау әрі ұрық жіберуді «басқаруға» үйрене аласыз.

Сурет  ашық  дерекөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: