Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Парасатты отбасы» байқауы басталды

27.10.2023, 11:50 351

HALYQLINE.KZ

Құрметті қала тұрғындары!

Қызылорда қаласының әкімдігі парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, замануи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат ойлы, парасатты, қайырымды отбасыны анықтау мақсатында «Парасатты отбасы» байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізеді.

Байқауға Қызылорда қаласының әртүрлі қызмет саласында жұмыс істейтін азаматтар отбасымен қатыса алады.

Байқауда азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына назар аударылады.

Байқауға қатысу үшін отбасы мүшелері әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершлікке тартылмаған болуы керек.

Байқауға абыройлы, парасатты, өнегелі және қоғамдық жұмыстарда белсенді, креативті, жаңашыл, қайырымды әрекетімен көзге түскен үлгілі отбасылар қатыса алады.

Отағасы қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын, парасатты, отбасы құндылықтарын қадірлейтін, спорт немесе өнермен шұғылданатын, ата-ана тәрбиесін қоғамдық өмірде көрсете алатын, көптеген әдеби-публицистикалық әдебиеттер оқыған болуы керек.

«Парасатты отбасы» байқауына қатысушылар «Менің отбасым» тақырыбында бейнеролик әзірлейді.

Бейнесюжеттер арқылы сайыскер отбасылардың еңбектегі, оқудағы жетістіктері мен отбасылардың әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларға қаншалықты мән беріп, бос уақыттарын қалай өткізетіндігі жайында пайдалы да өнегелі мәліметтерді ұсынады.

Бейнероликтің ұзақтығы 3 минуттан аспау керек.

Бейнероликтің бағыттары:

1) отбасы шығармашылығы;

2)  отбасылық туризм;

3) ұрпақтар естелігі;

4) отбасылық бастама;

5) «Отбасы туралы сөз».

Байқауға қатысушылардан өтінімдер 2023 жылғы «15» қарашаға дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: Қызылорда қаласының әкімдігі, Қалалық қоғамдық даму бөлімі, 306 кабинет, тел.ном 27-20-81, (видеороликті флеш-жадыға түсіріп әкелу керек).

Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:

Қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ж., туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны);

Қатысушының және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: