Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Атамекенге – 10 жыл: Сыр журналистері марапатталды

22.09.2023, 8:45 359

HALYQLINE.KZ

Ұлттық палатаның 10 жылдығына орай Сыр өңірінің бірқатар журналисіне «Атамекеннің» Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың алғыс хаты табысталды.

Марапаттау іс-шарасын жүргізген Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов 10 жылдың ішінде кәсіпкерлерге көрсетілген қызметтер мен атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Он жылда біздің мамандар 100 мыңға жуық кәсіпкерге және кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға кеңес берді. 4,8 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғады. Бизнестің 10 млрд теңгесін сақтап қалды. Жергілікті тауарөндірушілерге 11 мыңға жуық сертификат табыстады. Бұдан өзге де ауқымды істерді жүзеге асырып жатыр. Халықты кәсіппен айналысуға шақыруда, насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Сол үшін 10 жылдық мерейтойда басшымыз Райымбек Баталов сіздерге ризашалығын білдіріп, алғыс хат жолдады», – деді Палата директоры.

Пірмұхаммед Сыздықов аймақ журналистеріне естелік сыйлықтар табыс етті.

Кездесуде БАҚ өкілдері саланы дамытуға қатысты ұсыныс-пікірін бөлісті.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: