Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады

07.09.2023, 15:15 301

HALYQLINE.KZ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамовпен бірге кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдап, оларды толғандырған мәселелерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бүгінгі жеке қабылдауға 8 адам келді.

Тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу, жөндеу және инфрақұрылым тарту мәселелерін көтерді.

Аймақ басшысы азаматтар көтерген түйткілді мәселелерді тиісті мамандар жіті зерттейтінін, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар сол жерде заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.

Қабылдауда 53 жастағы азамат Қызылорда қаласындағы К.Нұрекешов көшесіне ауызсу мен электр жарығын тартуды сұрады. Бұл көшедегі жұмыстар алдағы жылға жоспарланды. Алдымен инфрақұрылым желілерін жүргізуге жобалық құжаттама әзірленіп, қаржысы бөлінеді.

Мұнан бөлек, Нұрлыбек Машбекұлы арендалық үйіне жөндеу жүргізу, баспанасын апатты жағдайда деп тану және кәріз жүйесін қалпына келтіру жөнінде өтініш айтып келген тұрғындардың мәселелерін зерттеп тексеруді қала әкіміне тапсырды.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: