Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Самауырмен спирт ішу

13.07.2023, 15:00 233

HALYQLINE.KZ

(Запастағы  капитан  В.Шипачевтің  естелігінен)

Бірде госпиталдан емделіп шыққан екі лейтенант өз әскери бөліміне жету үшін, бір шағын станцияда кездесіп қалады. Ол кезде поезд кестесі деген атымен жоқ, тек күтіп жату керек. Екеуі станциядағы буржуйка пешінің қасында жатып поезд күтеді. Лейтенанттың біреуі танкист, екіншісі жаяу әскер (пехота) екен. Станцияға бұрын келген пехота лейтенанты, екінші күн дегенде: «осындай қақаған суықта, мынау болса ғой!» деп кеңірдегін екі саусағымен шертіп қояды да: «Осы станциядан немістер шегінер кезде бір цистерна спиртті біздерге бұйырмасын деп, ішіне бензин араластырып құйып кетіпті, фашист десе фашистер ғой!»-деп боқтап алады. Танкист басын бірден көтеріп:

– Маған көрсетші сол цистернаны? – дейді.

– Неге керек? Құр адамның көңілі бұзылады, соншама спирттің жарамысыздығын көргенде!

– Эх, пехота, мектепте нашар оқығаның көрініп тұр! Бір шелек ал, кеттік!

Станцияға келгесін, кезекшіден самауыр сұрап алып, спиртке суды араластырып құйып, оны талдың шыбығын сындырып алып жақсылап араластырады да:

– Қара бензиннің салмағы жеңіл болғасын жоғары көтеріліп кетті, ал су мен спирт араласып ауырлағасын төмен шөгіп қалды. «Химия қиын, ашиды миың!» деген дұрыс екен, бұл пәнді оқып қарқ қылмағаның көрініп тұр! Самауыр шүмегін аш та, құйып жібер! Эх, пехота, қанекей, Жеңіс үшін алып қоялық! – деп тартып жіберіпті.

Бақытжан  Абдуллаұлы,

тарихшы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: