Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдариялық тілшілер марапат төрінен көрінді

30.06.2023, 10:25 138

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Сырдария ауданының әкімдігі мен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен «Қарымды қалам – 2023» атты мерекелік шарасы өтті.

Айтулы күннің құрметіне орай аудан әкімі ақпараттық салада табысты қызмет етіп жүрген бірқатар мерзімді басылым тілшілері мен аудан блогерлерін төл мерекемен құттықтап, алғысын жеткізді.

Мерекелік іс-шараның тартуы ретінде 50-ге жуық медиа маманға аудан әкімінің құттықтауы ұсынылып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Медиа саласы – ел дамуының берік іргетасы бола отыра, қоғамның қазіргі ахуалын халыққа айна қатесіз жеткізуші алып күш. Аудан көлемінде әр сәт сайын жаңарған ақпарат пен толассыз жаңалықтарды бұқараға жеткізуде аудандық баспасөз саласында қызмет атқаратын тілшілер мен әлеуметтік желіде белсенді блогерлердің алар орны айрықша. Сондықтан төл мерекеде мерейлеріңіз үстем болып, шығармашылық шалқар шабыт пен қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: