Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Су шаруашылығы қызметкерлеріне кұрмет көрсетті

10.07.2023, 12:00 497

HALYQLINE.KZ

Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Жалағаш ауданы әкімі Асқарбек Есжанов сала ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Қабылдауда аудан әкімі Асқарбек Есжанов алдымен ауданымыздағы бірқатар атқарылған жұмысқа тоқталып өтті.

– Соңғы жылдары ауданда ауызсу инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыс атқарылып келеді. Өткен жылы Аққұм және Мәдениет елді мекендерінде су тарату желілерін кеңейтуге 370 млн теңге бөлініп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жаңадан ашылған «Ақтерек» тұрғын үй учаскесінде сумен жабдықтау жүйесінің және су тарату кешенінің құрылысына 883,3 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Осы ретте аудан тұрғындары 100 пайыз орталықтандырылған ауызсумен қамтылып отыр, – деді аудан әкімі.

Мемлекет басшысы су саласын дамыту мәселелеріне көп көңіл бөліп, бірқатар стратегиялық міндеттер қойылды. Баршаға белгілі, Президент суармалы жер көлемін 2030 жылға дейін ағымдағы 1,6 млн гектардан 3 млн гектарға дейін ұлғайту жөнінде тапсырма берді. Бұл, ең алдымен, жұмыс орындары, елдің азық-түлік қауіпсіздігі. Бүгінде ауданда ұзындығы 180 шақырымнан аса сумен қамтамасыз ететін және 200 шақырымнан астам қашыртқы дренаждық жүйелер бар.

Атаулы күн қарсаңында тіршілік нәрін үйлестіруде қалтқысыз қызмет етіп жүрген сала ардагерлері мен білікті мамандар марапатталып, арнайы гүл шоқтары табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: