6 шілде — еліміз үшін ең елеулі күндердің бiрi. Бұл күн еліміздің басқаласы Астананың туған күні, ширек ғасырлық мерейтойы. Осы уақыт аралығында Астана шаһары сан тармақты, алуан сипатты ұлт мәдениеті мен өркениетінің алтын құндағына, тарихи-мәдени дәстүрлерге бай ордаға айналды.
Дәл осы күні еліміздің түкпір-түкпірінде атаулы дата кең көлемде тойланады. Бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қаланың 25 жылдық туған күніне орай «Astana Party» мерекелік ретро-концерті өтіп, қала тұрғындары керемет көңіл-күйге бөленді.
Ретро кешке арнайы қатысқан қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Қамбаров кеш қонақтары мен қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, елорданың тарихи қалыптасу жолына тоқталды.
Сол кезеңнің атмосферасын сезіндірген кеште жанды дауыста ән шырқалып, мыңбұралған бишілердің әсем биімен жалғасты. Арнайы ретро бұрыш әзірленіп, тәттілер, фото топтама, ретро жәдігерлерден көрме әзірленді.
Мерекені алғашқылардың бірі болып кішкентай бүлдіршіндер сезінді. Бала күнгі дәмдерден ұсынылған тәттілер мен сусындар, ашық аспан астындағы ән мен би барша балаларға есте қаларлық естелік сыйлады.
Астана — жаңа әлемнің жарқын бейнесі. Әрдайым жасампаздық пен татулықтың символы болар қала. Астана қазақ елінің алтын тәжі, рух пен иманның күретамыры, жарқын құбылыстар мен жақсылықтың ұясы. Ендеше, осынау мерейлі мерекеде, елімізге амандық, тәуелсіздіктің мәңгі болуын тілейміз.
Сыр жастары
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!