Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауызашар берген қызылордалық жауапкершілікке тартылды

30.04.2020, 13:58 555

Қызылорда полицейлері төтенше жағдай кезінде ауызашар ұйымдастырған тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 сәуірде облыс орталығының тұрғыны өзінің үйінде ауызашар ұйымдастырып, қаланың әр түкпірінде тұратын достарын шақырған. Кешкі астан кейін кездесуді олар моншада шомылумен жалғастырған.

«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес («Төтенше жағдай режимiн бұзу») бес тұрғынға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Сот шешімімен тәртіп бұзушыларға айыппұл салынды», – делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: