Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Баланы қалай тәрбиелеу керек?

06.07.2023, 14:00 283

1. Бала дүние есігін ашқаннан бастап бақылауда болуы керек, назардан тыс қалдыруға болмайды. Оны діндар, ізгі, астың адалына көңіл бөлетін әйелдің емізгені дұрыс. Өйткені харамнан пайда болған сүтте береке жоқ. Харам сүт емген баланың табиғаты лас істерге жақын келеді. 

2. Баланы қорғаштау: оған әдеп үйрету, бойына кір жуытпай, адамгершілік мінезге баулуды білдіреді. Осы себепті оны жаман достардан қорғап, баршылық пен молшылыққа тым үйір етпеу керек. Неге десеңіз, егер осылай өссе, өскенде, солардың соңына түсіп, өмірін құртады, ақыретін де оңдырмайды. 

3. Балада ақыл пайда болғанда, оны жақсылап тәрбиелеу керек. Бұның алғашқы белгісі ұят сезімінен аңғарылады. Бала ұялып, бірқатар іс-әрекеттерін доғара бастаса, онда ақыл нұры пайда болды деген сөз. Бұл – Алла тағаланың балаға берген сыйы. Бұл жағдай бала мінезінің орнықты бола түскенін, жүрегінің пәк, балиғат жасында ақылы толысатынын ұқтырады. Осы тұрғыдан ұялшақ баланы қараусыз қалдыруға болмайды. Қайта оған ұялу мен ұялмау керек жағдайларды үйрету арқылы оның әдепті болып өсуіне көмектескен жөн.  

4. Балада байқалатын алғашқы қасиет тамаққа деген обырлық. Баланың жанында көп жеудің дұрыс еместігін айтып, әдепті әрі аз жеген адамды мақтау керек. Балаға ас кезінде өзінен гөрі досын құрметтеуді, ас ішудің әдебін үйрету керек. Астан бұрын және астан кейін қол жуу, бисмилламен бастау, асықпай әрі өз алдынан жеу секілді. Балаға кейде қатқан нан да берген дұрыс. Қарапайым ас ішуге дағдыландырған жөн. Сонда бала тек жақсы, дәмді тамақ ішуді талап етпейтін болады.  

5. Баланы қымбат киінуге емес, қарапайым киінуге әдеттендіру керек. Сән қуып, ысырапқа үйренген балаларға жолатпаған жөн. Ұл баланы тым сәнді киіндірмеген дұрыс. 

Жалғасы бар…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: