Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бұл не сандырақ? Әлде рас па?

04.07.2023, 10:00 224

HALYQLINE.KZ

Н.Ф.Катанов бірде А.З.Валидиге: «Моңғолдар мен шығыс түркі халықтарынан «шығыстанушы» үш ғалым шықтық – Доржи Банзаров, Шоқан Уәлиханов және мен. Бәріміз де орыс әдебиеті мен ғылымына өмірімізді арнадық. Мен шамандық дінімнен бас тартып, христиан болып ғылым үшін еңбек етіп жүрмін. Шоқан мен Доржи 34 жасқа да жетпей арақтан өлді, себебі орыс әріптестеріміз бізді арақты ішуден басқа ешнәрсеге үйреткен жоқ. Сен бұл ортада төртінші болдың, бірақ өте сақ бол. Мен туған және өскен орта мұсылмандар сияқты мықты болған жоқ, біздің халықтың жағдайы адам жыларлық, бұл орыстың ортасында бөгде болып қалдық. Мен сені сол орта мәдениетінің ірі өкілі ретінде танимын» деген екен.

Бұған дейін мен Шоқанды арақтан өлді деген деректі оқыған жоқ едім. Ресми түрде оны өкпе ауруынан қайтыс болды деп жазылған еді, тек кей деректе қымызға у беріп өлтірілген деген дерек те жазылып жүрді.

Ашық  дереккөзден  алынған  суреттерде:

1. Н.Ф.Катанов (1862-1922) – хакасстың тұңғыш ғалымы.

2. А.З.Валиди (1890-1970) – башқұрттың тұңғыш ғалымы.

3. Доржи Банзаров (1822-1855) – буряттың тұңғыш ғалымы. (33 жас)

4. Шоқан Уалиханов (1835-1865) – қазақтың тұңғыш ғалымы. (30 жас)

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: