Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Григорий Лепс енді Ташкент қаласында да ән айтпайды

26.06.2023, 15:57 263

 HALYQLINE.KZ

Ресейлік әнші Григорий Лепстің Ташкент қаласында 23 қазандағы концерті өтпейтін болды. Бұның алдында бір топ өзбекстандық әлеуметтік желілерде Лепс концертін өткізбеуді талап еткен.

Бірнеше күн бұрын жергілікті блогер Мирзо Зомини #LepsKerakmas (#ЛепсКерекемес) хэштегімен Telegram-арнасында науқан бастаған. Блогер Украинадағы соғысты қолдайтын әнші Лепс концерті өтпеуі тиіс деп есептейді.

«Өзбекстан – сендердің жауынгерлеріңе сыйақы төлеу үшін ақша жинайтын немесе аталарың мұраға қалдырға орын емес. Оның Ташкенттегі концертінің билеттері 150 мыңнан басталып, 4 миллион сумға ($13-$350) дейін барады. Құрметті өзбекстандықтар, жазбаны көбірек таратыңыздар. Қанышер машинаға от алуға мұрсат бермеңдер» деп жазған блогер өткен аптада.

Блогер бастаған науқаннан бірнеше күннен соң Григорий Лепс концертінің Iticket.uz сайтында жарияланған афишасы жоғалып кетті.

Бұған қоса, тағы бір кремльшіл әнші Ирина Дубцованың Ташкенттегі концерті өтпейтіні мәлім болды.

Ресей әншілер Григорий Лепс пен Николай Басков бірнеше апта бұрын Украина қарулы күштерінің танктерін жойған адамға бір миллион рубль сыйақы тағайындаған. Содан кейін Қазақстандағы белсенділер Лепстің Қонаев қаласындағы концертіне тыйым салуды талап етіп, ұйымдастырушылар әншіні елге шақырудан бас тартқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: