Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Григорий Лепстің Конаев қаласындағы концерті өтпейтін болды

19.06.2023, 16:27 356

 HALYQLINE.KZ

Ресейлік әнші Григорий Лепстің Конаев қаласында өтуі тиіс болған концерті қазақстандықтардың сынынан кейін өтпейтін болды.

 “Григорий Лепстің қойылымын ұйымдастыру үшін өзінің концерттік орнын берген Makao Luxury Village Resort компаниясы концертті ұйымдастырушылармен келісім-шартты біржақты бұзу туралы шешім қабылдады. Билеттерді сатып алған жерге өткізуге болады”, – деп мәлімдеді дүйсенбі күні компания өкілдері.


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәлі Әлиевпен байланысы бар адам Григорий Лепстің Қонаевтағы концертінің ықтимал ұйымдастырушысы деп аталғаны хабарланған болатын.


Бірнеше күн бұрын Лепс пен басқа да бірқатар ресейлік әншілер Украинаның әскери техникасын жойғаны үшін қомақты сыйақы беруге уәде берді. Лепстің концертіне қарсы шыққан қазақстандықтар Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын қаржыландыру мүмкіндігіне наразы болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: