Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ дзюдошылары Астанада ең жоғары нәтижеге қол жеткізді

19.06.2023, 11:32 247

HALYQLINE.KZ

Жексенбі күні Астанада 42 мемлекеттен 300-ден аса дзюдошы қатысқан «Үлкен дулыға» турнирі аяқталды.

Жарыстың соңғы күнінде 100 келіге дейінгі салмақта күресен Ислам Бозбаев, аса ауыр салмақтағы Ғалымжан Қырықбай және +78 келіде күш сынасқан Ақерке Рамазанова қола жүлдегер атанды. Бұған дейін Мағжан Шамшадин (60 кг – авт.) жарыстың жеңімпазы атанса, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг – авт.) күміс, ал Асқар Нарқұлов пен Данияр Шамшаев қола жүлде еншілеген. Осылайша, Қазақстан дзюдошылары 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль алып, Grand Slam турнирлеріндегі ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Ең үзік бес құрама нәтижелері:

1. Испания — 2 алтын, 1 күміс, 2 қола

2. Италия — 2 алтын

3. Франция — 1 алтын, 2 күміс, 4 қола

4. Қазақстан — 1 алтын, 1 күміс, 5 қола

5. Жапония — 1 алтын, 1 күміс.

Жарысқа қатысушылардың тізімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: