Бішкек Первомай аудандық сотының 2023 жылғы 1 наурыздағы үкімі бойынша Құрманбек Бакиев Қырғыз Республикасы Қылмыстық Кодексінің 336-бабы 2-бөлігінде көзделген «Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың мүддесінде жасалған немесе ауыр зиян келтірген сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы «Кактус медиа» хабарлады.
Қырғыз елінің бұрынғы президенті енді бұрынғы үкімдерін ескере отырып, барлығы 30 жыл жазасын өтеуі тиіс (сырттай соттау әдісі – ред.). Үкімде Құрманбек Бакиевтің мүлкі тәркіленіп, жазасын өтегеннен кейін үш жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайтыны айтылған.
Максим Бакиев, Алексей Елисеев және Қапар Қурманалиев де жазасыз қалмады.
Дәл осы іс бойынша экс-президенттің ұлы Максим Бакиев 13 жылға, ал оның орынбасары Алексей Құмтөр ісі бойынша 12 жылға сотталды. Максим Бакиев бұрынғы сот шешімдері негізінде ол өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Оның орынбасары бұрынғы үкімдері ескеріле келе 30 жыл түрмеде отыруы керек.
Геология және минералдық ресурстар агенттігінің бұрынғы басшысы Қапар Құрманалиев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы сот шешімін ескере отырып, ол 13 жыл түрмеде отыруы керек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!