Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұшатын әкім

08.06.2023, 15:00 295

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі  сатира

Қаламызға су жаңа әкім келді!

– Сіз кімсіз?

– Мен сіздің алдыңыздағы экс-әкіммін. Он жыл отырдым.

– Осында ма?

– Жоқ, түрмеде.

– Неғып жүрсіз?

– Сізді құттықтайын деп.

– Не, мені үйленгелі жатыр деп пе едіңіз? Сіз кімсіз?

– Мен… Мен мына экс-әкімнен кейінгі экс-әкіммін.

– Аа, экс бетсіздер, жексұрындар, мен бұрын әкім болып істеп көрмеппін, қалай екен?

– Рахатизация! Тек мен кабинетімде ұйықтап қалыппын. Сегіз жылдан кейін оятып, құйрығыма бір тепті.

– Імм… құтты болсын. Мына кемпір неғып жүр?

– Аа, Бұл кісі хатшыңыз ғой.

– Кемпір хатшы бола ма екен?

– Ойбай, бұл кісі мұнда 18 жасында келген. Әкімдер ауысса да, өзі ауыспайды. Әкесі сексен сегізде, сенатта отыр .

– Кофе ішесіз бе, айран ішесіз бе, братишка? – деп сызылды кемпір хатшы.

– Рақмет, бабуля қарындас, мына креслоны түсінбедім? Неге екі кресло жабысып қалған?

– Аа, бұл ұшатын әрі жүретін кресло! Жаныңызда ұшқыш әрі шопыр отырады. Шопырыңыз мына түймені басса, вентиляторы айналып, төбеге көтерілесіз, Жапониядан алдырдық! Отырып көріңіз! Ойбай, әкім братишка, түймесін баспаңыз! – дегені сол, әкім зуылдай жүріп, көшеге шықты да, аспанға ұшып кетті! Қандай түймесін басарын білмей, аспанда қалықтап жүргеніне бір ай болды! Халықтың үстінен қалықтай қарап жүр! Құдай ақырын берсін, аштан өліп қалмаса еді!

Мұхтар  ШЕРІМ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: