Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тегін медициналық жолдама автоматты түрде тағайындалады

24.05.2023, 11:20 246

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығын жақсарту және сапалы медициналық қызмет көрсету деңгейін жоғарылату мақсатында өңірде 18 аурухана мен 26 амбулаториялық емхана жұмыс істейді. Ал ауыл тұрғындарын қажетті медициналық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында аудан орталықтарында 9 аурухана мен аудандық емхана, 100 дәрігерлік амбулатория, 24 фельдшерлік акушерлік мекеме, 97 медициналық бекет қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, аса ауыр жағдайдағы науқастарға берілетін тегін медициналық жолдама саны да жыл сайын артып келеді. Бұл квота автоматтандырылған түрде тағайындалып, әрі қарай азаматтарды емдеуге дейінгі бақылауды жіберген медициналық ұйым жүзеге асырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов мәлімдеді.

– Егер науқас шұғыл көмекті қажет ететін болса дәрігерге дейінгі тексеруден өтіп, қажет болған жағдайда стационарлық емге жедел түрде жіберіледі. Ал науқас белгілі бір шағымдармен немесе созылмалы аурулардың асқыну жағдайында аймақтық дәрігерге жүгінетін болса лезде диагностикалық және емдеу әдістерінің клиникалық хаттамаларына сәйкес, медициналық жолдама тағайындалады. Керек жағдайда тар буынды мамандар кеңесіне жолданып, олардың ұсыныстарымен ем-дом қабылданады. Ал егер емделушінің тексеріс қорытындыларынан нәтиже болмаған жағдайда аймақтық дәрігер науқастың диагнозын нақтылау мақсатында республиклық деңгейдегі стационарларға жолдайды. Науқасты жоспарлы емдеуге жатқызу үшін өзі қалаған денсаулық сақтау ұйымы туралы ескеріледі. Жалпы емделуші жолдама арқылы тегін медициналық көмектің алдында 10 күн бұрын толық тексерістен өткізіледі, – деді басқарма басышысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Брифинг барасында облыстық және қалалық көп бейінді аурухананың дәрігер мамандары аталмыш ұйымның атқарған жалпы жұмыстарына тоқталып өтті.

– Көп бейінді облыстық аурухана аймақ тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Біздің ауруханада 525 тәуліктік төсек-орынмен қамтылған. Сондай-ақ, орталықта 200-ден астам білікті мамандар жедел түрде жеткізілген науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде. Біздің мекемеде жалпы хирургия, урология, терапия, кардиология, нейрохирургия және т.б. бөлімдер жұмыс істейді. Бұдан бөлек, біздің дәрігер мамандар өз білімдерін жетілдіріп отыруы үшін алыс-жақын шет елдерге барып, біліктілігін жоғарлатып отырады. Қазіргі таңда біз заманауи медицналық әдіс-тәсілдер арқылы омыртқа жотасына ота жасауды жоспарлап отырмыз, – деді көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігері Нұридин Амитов.

– Көпбейінді қалалық аурухана 4 мыңнан астам тұрғынды жедел және жоспарлы көмек көрсетуге қауқарлы. Оның ішінде 205 тәуліктік стационар және көп функцияналды 30 төсек-орын қамтылған. Бұдан бөлек, 24 ақылы бөлім бар. Қазіргі таңда ауруханамызда кордиалогия, терапия, гинекология, және т.б бөлімдер қала тұрғындарына қызмет етеді. Сондай-ақ, біздің орталықта хирургиялық күрделі оталар жасалып, жоғары сапалы медициналық көмектер көрсетіліп келеді. Алдағы уақытта орталығымызда лор бөлімшесін ашуды жоспарлап отырмыз, – деді көпбейінді қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Қадырбек Алипов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: