Кеше бірқатар отандық БАҚ-тар мен блогерлер Ресей саясаткері, депутат Константин Затулиннің Қазақстанға кіре алмағанын жазған еді.
Алайда, оның РФ сыртқы істер министрілігі арқылы шекарадан өтіп, Байқоңыр қаласында жүргені анықталды.
Константин Байқоңырға әлі бір емес, бірнеше рет келетін секілді. Өйткені, ол осында өтетін «Байқоңыр ракеткасы» теннис турнирінің тұрақты төрағасы әрі оның бас ұйымдастырушысы екен. Сонымен қатар ол аталған турнир барысында Байқоңырға келгеніне өте қуанышты екенін айтқан.
Еске салайық, Константин Федорович Қазақстан президенті Тоқаевтың Луганск және Донецк сепаратистері жариялаған «мемлекетті» мойындамайтынын айтқаннан кейін, Қазақстанда Украина сценарийі қайталануы мүмкін деген пікір айтып, Қазақстанның солтүстік аймағы тарихи тұрғыдан Ресейге тиесілі деген болатын.
Жасұлан Асқарұлы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!