Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыныстық қатынас қаншалықты жиі болуы керек?

20.05.2023, 10:00 1639

HALYQLINE.KZ

Әр адам жеке тұлға болғандықтан, өз ерекшеліктері бар. Біреуге күніне бірнеше реттен керек, біреулерге тіпті аптасына бір рет болғанының өзі көптік етеді. Сонымен қатар параметр өзгеріп отырады. Сіз үшін қалыпты деген жыныстық қатынастың санын сіз өзіңізге қолайлы болатын жыныстық қатынас санымен санай аласыз.

Ең жақсысы, оны сіз денсаулығыңыз жақсы болған кезде, көңіл күйіңіз көтеріңкі кезде санағаныңыз дұрыс. Сонымен қатар, махаббат, құштарлық және алғашқы жыныстық қатынас, сүйіп қалу секілді екі серіктің сексуалды тәбеті көтеріңкі болған кездегі жыныстық қатынасты өзіндік бір қобалжу әсерінен болған деп қабылдау керек.

Мамандар  пікірі

Дегенмен, осы орайда мамандардың пікірі екіге қақ айырылады. Қай-қайсысы болмасын, өз білгендерінше жауап береді. Мысалы, ғалымдардың көпшілігі аптасына екі рет жыныстық қатынасқа түсу керек деген пікір айтады.

Сексологтардың қалған бөлігі қалыпты жағдай – аптасына 5 рет дейді.

Қалай болғанда да, сауатты дәрігерлердің тұжырымы, «ер адамдарға шаршап қалмауы үшін серігіне өзінің мықтылығын көрсету мақсатында бір түнде бірнеше жыныстық қатынасқа түспеу керек, шаршап қалу қаупі туындағандықтан, адамның ойлау қабілеті мен физикалық қабілеті әлсірейді» дегенге саяды.

Қосымша  факторлар

Қарама-қарсы жынысқа деген сексуалдық құштарлық деңгейі жас келген сайын өзгеріп отырады. Кейбіреулерге үлкейгенде бұл процесс айқын бола бастайды, кейбіреулерге айырмашылығы болмағандықтан, жас кезіндегідей болады.

Жақында психологтер тағы бір қызық жайтты анықтады. Мансаптың өсуіне, бизнеске, шығармашылыққа немесе басқа да қызығушылықтарға берілген заманауи адамдар басқа адамдарға қарағанда жыныстық қатынасты аз қажет етеді екен.

Бұл үдерісті сублимация деп атайды. Сублимация – сексуалдық қуаттың трансформацияланып басқа сала арқылы шығуы.

Сексологтардың айтуы бойынша, жыныстық қатынасқа жиі түсу адамның денсаулығына оң әсерін тигізеді екен. Алайда, сіздің денсаулығыңыз өзіңіз жақсы көретін адаммен жыныстық қатынасқа түскенде ғана оң әсерге ие болады.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: