Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

20.04.2023, 10:45 395

HALYQLINE.KZ «Білім беру жүйесіндегі заманауи ғылым мен инновацияны дамыту: үрдістер мен перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Қызылорда ашық университеті, «Болашақ» құрылымдық бөлімшесінде «Білім беру жүйесіндегі заманауи ғылым мен инновацияны дамыту: үрдістер мен перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Конференцияны өткізу ғылыми қызметкерлердің, магистранттардың, докторанттардың, профессор-оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметін жандандыруға және ынталандыруға мақсатталған және олардың ғылыми әлеуеті мен түрлі ғылыми бағыттар арасындағы байланыстарын дамытуға, пәнаралық зерттеулерді қалыптастыруға, маңызды трендтік ақпаратпен алмасуға, жас ғалымдар мен мамандардың консилиумын реттеу мен өзара іс-қимылына, инновациялық ресурсты анықтауға және білім беру жүйесіндегі үрдістермен, перспективалармен, қазіргі ғылымдағы инновациялармен танысуға ықпал етеді. Конференция аясында келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді: экономикалық ғылымдар, заң ғылымдары, техникалық ғылымдар, педагогикалық ғылымдар,  жаратылыстану ғылымдары.

Конференцияға қатысушыларға университет президенті, ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА Академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Б.С. Досманбетов және полиция генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, КСРО және Қазақстан ІІМ еңбек сіңірген қызметкері О-Р.Б. Бижигитов құттықтап, сәттілік тіледі.

Пленарлық отырыста конференцияның алдына қойған мақсаттары мен міндеттері ашылды. Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Беларусь елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының басшылары, көрнекті тарихшылар, саясаткерлер, білім беру саласының өкілдері, практикалық қызметкерлер, ПОҚ және университет студенттері қатысты.

Талқылаудың жалғасы экономикалық ғылымдар, заң ғылымдары, техникалық ғылымдар, педагогикалық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары секциялары бойынша жұмыс шеңберінде өтті. Конференция Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Беларусь ғалымдары мен оқытушылардың білім мен ғылымның мәселелері мен перспективалары туралы ашық диалог алаңы болды.

Конференция қорытындысы бойынша тезистер жинағын жариялау жоспарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: