Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Гүлмарал Еркебаева: «Кемінде екі алтын аламыз деп ойлаймын»

11.04.2023, 15:30 364

HALYQLINE.KZ Азия чемпионатының төрт дүркін қола жүлдегері, Қазақстан жеңімпазы, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Гүлмарал Еркебаева Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қанша жүлде алатынына болжам жасады.

Қыздарымыз он салмақта белдеседі. Он қызымыз да осал емес. Азия чемпионатына бірнеше жылдан бері қатысып келеді. Енді фавориттерді айтатын болсақ, мен өзім 76 кг салмақта күресем. Осы салмақта Қазақстан чемпионатында екінші орын алдым. Бірінші орын иесі Эльмира Сыздықова – олимпиада ойындарының жүлдегері. Сондай-ақ Жамила Бақбергенова деген қызымыз бар, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Жас қыздарымыз осы Азия чемпионатында қатысады.

Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болған Нилуфар Раймова деген қыз бар. Қазақстан құрамасының сапына енді кіріп жатқан жас қыздарымыз бар. Олардың да амбициясы мықты, үлкен үміт күтеміз.

50 мен 53 кг салмақтағы қыздарымыздың бәрі – жастар құрамасынан, ересектерден өткендердің барлығы әлем біріншіліктерінде орын алған қыздар. Олардың бірінші Азия чемпионаты болса да қолаға ілінуге үлкен мүмкіндіктері бар. Ал енді бұрыннан құрамада келе жатқан Елена Шалигина, Эльмира Сыздықованың тәжірибелері жетеді.

Мен ойлаймын, Азия чемпионатында біздің қыздарымыз алтын, күміс, қоланы да алған. Сондықтан әрқайсының мүмкіндіктері бар. Болжамым бойынша, кемінде екі алтын аламыз деп ойлаймын. Кімдер екенін айтпай-ақ қояйын.

Жазып алған – Айбек Мұханов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: