Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Орманды өрт қаупінен қорғау өте маңызды

30.03.2023, 18:45 481

HALYQLINE.KZ 2022  жылы облыс көлемінде  мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы көлемі 38,39 га құрайтын 16 орман өрті тіркелген. 29,79 га – орманды жерлер (орман көмкерген – 29,79 га), 8,6 га – ормансыз алқаптар. Өрт салдарынан орман қорына тікелей 91,3 мың теңге (жалпы келген шығын 400,8 мың теңге) залал келген.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2023 жылғы 19 наурыздағы №27-5/46-НҚ «2023 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпі бар маусымды белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысы көлемінде 2023 жылғы 20 наурызынан бастап өрт қауіпі бар маусымы ашылу туралы бекітілген.

Орман өрттері негізінен табиғи (найзағай, күннің күрт ысуы т.б) және адами факторлар (демалыс кезінде алауларды толық өшірмей кету, егіс алқаптарындағы, каналдар мен арықтардағы шөптесін өсімдіктерді бақылаусыз отпен тазарту кезінде, т.б.) әсерінен орын алады.

Орман өрттерінің алдын алу, өрттерді болдырмау мақсатында, а.ж. 24 ақпан күні Инспекция басшысының төрағалығымен атқарылатын негізгі жұмыстар талқыланып, жергілікті тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жандандыруды, өрт қаупі бар маусымдарда орман өрттерінің алдын алу тақырыбында БАҚ-да жариялымдар, мақалалар жариялау, жергілікті телеарналардан үнемі бейнероликтер көрсетіп отыру жөнінде облыстағы орман мекемелері басшыларына тапсырылды.

Дегенмен де, мемлекеттік орман қоры учаскелеріне жақын орналасқан, елді мекендер тұрғындарына, шаруашылық субъектілері мен шаруа, фермер қожалықтары басшыларынан:

  1. Егін алқаптары мен егістік жерлерді, каналдар мен арықтарды  шөптесін өсімдіктерді тазарту кезінде отқа абай болып, оны қатаң бақылауда ұстау;
  2. Табиғат аясында демалыс кезінде алауларды бақылаусыз қалдырмауды, оны демалыс аяқталған соң мұқият сөндіру;
  3. Орманды алқаптарда өрт оқиғалары байқалған жағдайда, сол жерге жақын орман шаруашылығы қызметкерлеріне хабарлау сұралады.

А.Еримбетова,

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: