Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қыздарға «қатқанский» тренд

03.02.2023, 15:15 521

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі  сатира

Мұхтар  ШЕРІМ

Ақша табудың, несиемді жабудың әрекеті деп ойлап қалмаңыздар, мұнда, инстаға жаман пікірлеріңізді салмаңыздар, Құдайға шүкір, бес байдан шыққан бақытты анамын, балаларыма сөз жоқ, панамын, менен кеңес сұрасаңыздар, трендте от боп жанамын!

Бірінші кеңес: –Жігітіңізден «каспиіме отыз мың теңге лақтырыңызшы, көйлек, капрон шұлық, помада алатын едім!» –деп айта салыңыз. Егер, беті жиырылып, желкесіне кетіп қалса, сараң болғаны. «Дурак, өліп қал, қурап!» – деп кетіп қал.

Екінші кеңес: –«Тик-токта» өтірік жыла, жылап тұрып, ақша сұра… «Көмектесіңіздерші, ақшаны, сосын, ақша салған адамды жақсы көремін!» – деп жаз.

Үшінші кеңес: –Ұялы телефоныңды суға батырылған матамен орап алып шұқыла. Әйтпесе, жанып кетеді.

Төртінші кеңес: –Жігітіңмен кездескенде, тырқылдап күле берме. Кеңкелес пе деп ойлап қалады. Ұятты, иманды болып көріну үшін, етегіңді сәл түріп, артынша жауып, артынша бетіңді алақаныңмен баса қой. Төсіңді дірілдетіп барып, «Өләә…» деп, ұялған болып, теріс қарап қал.

Бесінші кеңес: –Жігітіңмен кафеде отырғанда ештеңе жеме. Кейін кетерде үйден алып келген пакетіңе салып, анаңмен, сіңліңмен қосылып жейсің. Егер бұрынғы жігітің кездесіп қалса, мына жігітіңді бас салып құшақтап, ерніне ерінбей қадал! Болмай бара жатса, «қайнағам-ау, неғып жүрсіз?» – деп ыржалақтай бер.

Алтыншы кеңес. –Тұрмысқа шыққан күні жұмысқа шыққан күнім деп есепте. Ата-енеңнің шаң басқан бетін дымқыл шүберекпен сүртіп, пышылдақпен су бүркіп қой. Қайын сіңліңнің қобыраған шашын бесақамен тарап, есік алдына уксус сеуіп, масқара болма. Телефонда бұрынғы жігіттеріңнің нөмірлері болса, аттарын өзгерт: «Сол ғой», «Құрбымның күйеуі», «Өліп қалған әкемнің әкесінің әкесі», «Өлейін деп жатқан құдаша» деп қой.

Жетінші кеңес: –Капрон шұлығыңды киіп жатып, тырнағыңмен әдейі іліп кет, күйеуің басқасын әперсін. Орамал тартпа, темекі тарт. Намаз оқыма, инста, фейсбук оқы.

Сегізінші кеңес: –Байқамаған болып, атаңды, не қайныңды құшақтап, пранк түсір. Үйде шпионка бол. Бүкіл жаңалықты, өсекті анаңа вацаппен жіберіп тұр.

Тоғызыншы кеңес: –Шаршаап кеттім. Өздеріңіз жаза салыңыздаршы?

Карикатура ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: