Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қажымұқан қалай қайтыс болды?

28.01.2023, 11:00 1528

HALYQLINE.KZ Қажымұқан Мұңайтпасұлы қайтыс болғанда қасында болған Есболдың естелігінен:

«Ол кезде біз Темірланның жоғарғы жағында Боралдай өзені бойындағы көкорай шалғында жазғы киіз үйде отыратынбыз. Таңғы сағат 4-5-тер шамасында Балуан атам «Есбол тұр, арбаны жек» деп оятты. Мен тұрып, киініп қарасам Балуан ата киіз үйдің керегесінен қос қолдап ұстап, тізерлеп отыр екен. Балуан ата енді маған «тез молданы шақыр» деп бұйырды. Мен барып молданы шақырып келдім.

Балуан ата молдаға «тездет, оқитыныңды оқы, менің шіләмді түсір» деді. Молда түсінбей «қой балуан, сен өлгенше біз бәріміз қырылып қалатын шығармыз» деп әзілдегісі келді. Балуан атам «Оттамай тездет» деп бұйырды. Молда дем салған кезде Балуан ата сылқ етіп құлап түсті. Бірден жүріп кетіпті…

Балуан атаның денесін жерлеуге киіз үйді бұзып барып әрең шығардық».

Суретте: атақты қазақ палуаны Қажымұқан, әйелі Мінәйім, баласы Айдархан және немере інісі Есбол. 1945 жыл.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: