Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшы ауданының әкімі тағайындалды

18.01.2023, 22:55 837

Бүгін Қармақшы ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында Қармақшы ауданының жаңа әкімі таныстырылды.
Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Қармақшы аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Қармақшы ауданының әкімі лауазымына Жандос Еркінбек тағайындалды.

Аймақ басшысы Жандос Еркінбекұлын құттықтап, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

«Жандос Еркінбекұлының басшылық қызметтегі ұйымдастырушылық қабілеті мен тәжірибесі мол, өз жұмысын жоғары кәсіби деңгейде атқаратын білікті азамат. Сондықтан, Мемлекет басшысының әділетті Қазақстанды дамытудағы жаңа бастамалары мен тапсырмаларын бұлжытпай орындап, Өздеріңізбен бірге туған жері Қармақшы ауданын одан әрі дамытуға аянбай жұмыс істейтініне сенемін», – деді Н.Нәлібаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі осы уақытқа дейін Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарған Әділбек Ерсұлтановты басқа қызметке ауысуымен құттықтап, оған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына сүбелі үлесін қосқаны үшін алғыс білдірді.

Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков аудан жұртшылығының атынан сөз сөйлеп, жаңа аудан әкімін осы лауазымға тағайындалуымен құттықтады және бұрынғы әкім Әділбек Ерсұлтановқа ризашылығын білдірді.

Еркінбек Жандос Еркінбекұлы 1983 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген.

2004 жылы Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтын «бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік іс-қимылын басқару» және 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы әскери қызметтен бастап, 2013 жылға дейін атқарған.

2013-2018 жылдары бірқатар компанияда түрлі деңгейдегі жауапты басшылық қызметтерде болған.

2019-2021 жылдары Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім басшысы, 2021-2022 жылдары Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер:
  • Құтты болсын.Қазақ тарихында өзіндік орны бар өңірдің Жаңа Қазақстанды қалыптастыруда лайықты үлес қосып, абырой тапсын. Мен биыл 85 жасқа толам. Реті келсе шақырып,туған топырағыма бір аунатса,қуанар едім. Алла амандық берсе.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: