Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындар мәселесі ескерусіз қалмайды

13.01.2023, 15:15 507

HALYQLINE.KZ Бүгін аудан әкімі Асқарбек Есжанов аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасу мәселесімен жүгінді.

Жеке қабылдау барысында үш тұрғынға мамандықтарына сәйкес тұрақты жұмыс ұсынылды. Сондай-ақ, жер мәселесі бойынша кәсіптік мақсатта жер алу заңдылықтары түсіндірілді. Аудан әкімі денсаулық сақтау саласының қызметкелері халыққа кезек күттірмей қызмет көрсетіп, мамандардың біліктілігін арттыру керек екендігін, тегін берілетін дәрілердің дұрыс жеткізілуіне, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға емханада қолайлы жағдай жасауға және ауылдық округтердегі дәрігерлік көмек көрсетудің қолжетімді болу қажеттігін қатаң тапсырды.

Аудан басшысы басқа мәселелер бойынша да тиісті заңдылықтарға сәйкес жұмыстар істелетінін атап өтіп, сала басшыларына жеке қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесін бақылауға алу жөнінде тапсырма берді. 

Пікірлер:
  • 3-тұрғынға тұрақты жұмыс орыны ұсынылды делінген тұстағы мағына орналасқандығы ма? Мамандығы немесе бос орындар бойынша бағыт бағдар ма? Тұрғындар егерде жұмыспен қамтылған жағдай болса, ҚУАНЫШТЫМЫН!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: