Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Робинзон Крузоның прототипі кім болған?

14.01.2023, 11:00 553

HALYQLINE.KZ

Жазушы Даниэль Дефоның атақты кейіпкері Робинзон Крузоның прототипі 19 жасында туған қаласы Ларгоны байлық іздеп тастап шыққан шотландық матрос Александр Селкирк еді.

1703 жылы ағылшын патшайымының қазынасын қарақшылық жолмен толтыру үшін құрылған У.Дампирдің фрегатасына жалданып, Тынық мұхиттағы Американың жағалауларындағы Корсак жорығына қатысады. Пысық моряк командамен тез тіл табысады. Бразилия жағалауларына келгенде фрегат капитаны ауырып өлген кезде, капитан болған Томас Страдлинг жас Александр Селкиркті орынбасары қылады. Алайда, өздері күткен мол олжа кездеспегесін капитан Страдлинг бар кінәні Селкирктен көріп, жиі жанжалдасып қала береді. Жанжалдың ушыққаны соншалық Селкиркті өлтіруді ойластыра бастайды, соны сезген Александр фрегат иесі Дампирден «Мас-а-Тьерра» аралына келгенде рұқсат сұрап қалатынын айтады. Себебі, осы аралға Франция мен Англия корабльдері тоқтап өтетін, өзімен бірге оқ пен порохты жеткілікті қылып мылтық пен балта, пышақ, жамылатын көрпені ғана алып қалады.

Аралда бір өзі қалғасын ағаштардан лашық – хижна соғып алып сонда тұрып, тасбақа мен балық аулап жейді, ешкіні қолға үйретіп сүтін ішеді, өтіп жатқан күннен шатасып қалмас үшін күнтізбе жасап алып, қолға жабайы иттің күшігін асырап алғасын ол да өзіне ес әрі серік болады. Сөйлеуді ұмытып қалмас үшін құс пен итпен сөйлескенмен күннен-күнге сөздік қоры азая бастайды, ешкінің терісінен тон тігіп алады. Алайда, Александр күткен ағылшын не француз кемелері келмейді, екі жылдан соң Испания кемесі тоқтағанда тығылып қалады, себебі Испания мен Англия отар елдер үшін жиі соғысып жүрген жау елдер болатын. Тек 4 жылдан соң Англия кораблі тоқтағанда теңізшілер алдында шашы мен сақалы ұзын адам қарсы алады, кеме бортына алып келгенде отандастарымен әрең сөйлесті. Теңізде жүзіп жүргенде сөйлеуі қалыпқа келіп сөйлесе бастайды.

Англияға келгесін кеме капитаны Вудс Роджерс географиялық қоғам шығаратын журналға осындай адам сенбес оқиғаны жазады. Ол мақаланы оқыған жазушы Даниэль Дефо Александр Селкиркпен кездеседі, осылайша өмірге дүниежүзіне белгілі «Робинзон Крузо» романы келеді. Тек Крузо мінген кеме апатқа ұшырап, жалғыз өзі тірі қалып, аралда 28 жыл тұрады және жұма күні табылғандықтан Пятница деген қосымша кейіпкерді ойдан қосады.

СССР кезінде Д.Дефоның осы романы туралы 2 рет кино түсірілді. 1946 жылы «Робинзон Крузо» фильміндегі басты ролді Сталиннің сүйікті актері Павел Кадочников ойнаса, 1973 жылы түсірілген кинодағы Крузоны СССР халық артисі Леонид Куравлев сомдады (фото).

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: