Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратамыз?

17.04.2020, 14:29 562

HALYQLINE.KZ –| АҚШ ғалымдары коронавирусты тұмаудан ажырататын негізгі белгілерді тапты.

Зерттеу нәтижесі бойынша, аты жаман аурудың бастапқы белгісі ол – иіс сезу қабілетінің жоғалуы. Зерттеу авторларының сөзіне сүйенсек, коронавирус инфекциясының белгілері қарапайым тұмаудың мұрынның бітелуі, шырыштың бөлінуі деген секілді белгілерімен байланысты емес. 

– Осы арқылы коронавирусты маусымдық аллергиядан да ажыратуға болады, – дейді Цинциннати университетінің доценті Ахмад Седагат. 

Ғалымдар иіс сезу қабілеті нашарлап, алайда басқа белгілер анықталмаған күннің өзінде науқас бірден оқшауланып, коронавирусқа арналған тесттен өтуі керек деп дабыл қағып жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: