Қазақстанның бұрынғы мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ресми сайты.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының шешімімен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев «Ембімұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болып сайланды», – делінген «Ембімұнайгаз» АҚ-ның хабарламасында.
Айта кетейік, еңбек жолын инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы болып бастаған Қырымбек Көшербаев әр жылдары түрлі лауазымды қызметтерді атқарған. Мәселен:
2006-2011 жылдары Маңғыстау облысының әкімі;
2012 жылы Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі;
2012-2013 жылдары премьер-министрдің орынбасары;
2013-2019 жылдары Қызылорда облысының әкімі;
2019 жылдың маусымынан қыркүйегіне дейін Президент әкімшілігінің басшысы;
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болды.
Биыл 5 қаңтарда мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!