Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирус: 9 дерек тіркелді

17.04.2020, 9:48 465

HALYQLINE.KZ –| 17.04.2020 жылы Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа 9 дерегі тіркелді.

Науқастардың барлығы Жаңақорған ауданынан анықталды. Ауру жұқтырғандардың үшеуі – 30-53 жас аралығындағы әйел адамдар. Ал алтауы ер адам, олардың арасында ең үлкені – 83 жаста. 8 адам коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болып жұқтырған. Ал 1 адамның індетті қалай жұқтырғандығы бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп, нақтылануда.

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр. Олар дер кезінде медициналық бақылауға алынып, оқшауланып, тексерістен өтуде. Науқастар бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтары залалсыздандырылды. 17.04.2020 жылғы жағдай бойынша өңірде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 143-ке жетті. Оның ішінде емделіп шыққандар саны – 8, ем қабылдап жатқандар саны – 135.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: