Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкім ауыл аралап жүр

02.11.2022, 15:20 292

HALYQLINE.KZ

Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов Бекбауыл, Райым ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Ел Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан басшысы Арал ауданында жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«9 айдың қортындысымен 9,2 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,2 пайыз болды. Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 17,0 млрд теңге болатын өнім өндіріп, жалпы өсім 28,7 пайызға жетті. Ауданда өндірілген өнімдердің 70 пайызы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Есепті мерзімдегі өңдеу өнеркәсібінің өсімі 34,1 пайызды құрады», – деді Серік Сағитжанұлы.

Бекбауылдықтар аудан басшысымен кездесуде ауыл үшін өзекті деген бірнеше мәселені көтерді. Яғни, «Самара-Шымкент-Бекбауыл» бағытындағы автомобиль жолының құрылысы, Басықара каналының «Борлы маңы» тұсына автокөлік өткелінің қажеттілігі, шабындық және жайылымдық жерлерді суландыру, аяқ сумен қамту.

«Қазіргі таңда «Самара-Шымкент-Бекбауыл» бағытындағы автомобиль жолының құрылысын жүргізуге конкурс өткізіліп, мердігер мекеме анықталды. Құрылысы келер жылы басталады. Ал автокөлік өткелін салу бойынша жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп, алдағы уақытта жүзеге асады. Аяқ сумен қамту, оның ішінде су ұңғымаларын жаңадан қазу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады»,- деді С. Сермағамбетов.

Аудан әкімі жұмыс сапары барысында Бекбауыл ауылдық округіне қарасты Құмбазар елді мекеніне ат басын бұрды. Серік Сағитжанұлы ауыл тұрғындарымен кездесіп, пікірлесті. Құмбазарлықтар аудан басшысына ауылдағы интернет желісі мәселесін көтерді. Өз кезегінде Серік Сермағамбетов мобилді интернет мәселесі ұдайы назарда екендігін жеткізіп, ол үшін тиісті мердігер мекемелермен бірлескен жобалар жасалынатындығын айтты.

Мұнан соң аудан әкімі Райым ауылдық округі Қызылжар ауылының тұрғындарымен кездесті. Онда тұрғындар дәрігерлік амбулаторияны қайта салу қажеттілігін тілге тиек етіп, жол мәселесін көтерді.

Аудан әкімі емдеу нысанының құжаттары жинақталып, ол бойынша жан-жақты жұмыстар жасалынып жатқанын айтты. Сондай-ақ Қызылжар елді мекенінің кіреберіс және Қызылжар-Шөмішкөл бағытындағы автомобиль жолының биылға бөлінген қаржысына сәйкес тиісті жұмыстар жасалынғандығын түсіндіріп, жоба келер жылы толығымен аяқталатындығын жеткізді. Аудан әкімі жол құрылысын уақытылы әрі сапалы жүргізу үшін жауапты бөлімдерге бақылау жұмыстарын ұдайы назарда ұстауды тапсырды.

Іссапар барысында әлеуметтік мекемелердің жылыту жүйесінің жұмыс барысы сараланды. Аудан әкімі қажетті сұйық және қатты отын қорын толықтай жасақтап, жеткілікті деңгейде ұйымдастыру керектігін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: